phone-number+7 (701) 711 8280

"BOZTORGAI" конкурсының қатысушылары мен қонақтарына

about

Бозторғай – сыңғырлаған ашық дауысты сайрағыш құс. Осылай жылда Алматы қаласындағы Орталық мәдениет және демалыс паркінде ашық сахнада өткізілетін балалар шығармашылығы халықаралық конкурсын символды түрде атадық. «Бозторғай» конкурсының ашық аспан астында өткізілетіні оның ерекшелігі болып келеді. Ал демократизм, жандылық және балалық пәктік – бұл конкурсты көз тартымды етеді. Жарқын, көрнекті сахналық костюмдер, өнер көрсетер алдындағы конкурс қатысушылардың күйгелек көңіл күйі, олар үшін қам жеп отырған жанкүйерлер, қатаң сынмен қарап тұрған ұстаздар, және де, әрине, олардың көрсетіп жатқан әр өнерін асыға күтіп,  олармен қосыла әндетіп, билеп отырған көрермендер – міне осының бәрі ұмытылмас көрініс.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ерке» паркінде өткізілген біздің ең бірінші «БОЗТОРҒАЙ» конкурсымызға қонақ ретінде келуі баршамызға үлкен тосын сый болды. Көптеген балалар президентімізбен шамалы әңгіме дүкен құрып, тіпті бірге суретке де түсіп үлгерді. Әрине, олар үшін бұл ұмытылмас оқиға болды.  

Конкурс болар алдында үлкен дайындық жұмыс атқарылады, қатысушыларды таңдау – олардың жіберген аудио және видео материалдарын тыңдау. Бізді өте қатты қуантатын нәрсе, әр жыл сайын қатысушылар саны біз күткен саннан әрдайым көбірек болып келеді. Ұзақ әрі ыстық талқылау нәтижесінде ең жақсы деген қатысушылар таңдалады.

Жас дарындардың өнерін өте мәртебелі әрі кәсіпкер қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасы тізімін атағаннан ақ бұл конкурс дәрежесінің қаншалықты салмақты екенін түсінуге болады. Атағы бүкіл дүниеге шыққан, өте беделді қазылар алқасының, әрине, өздерінің де жоспарлаған маңызды жұмыстары жетіп жатыр. Дегенмен, осы конкурстың еліміздегі балалар шығармашылығын дамыту жолында ойнайтын маңызды ролін жақсы түсінгендіктен, олар өз жұмыстарын бірнеше күнге ысырып қойып, конкурс өтетін ыстық күндері таңғы уақыттан кешке дейін адал ниетпен еңбек етеді. Нәтижелерді шығару кезінде оларды сыртынан бақылаған өте қызықты, себебі олар әр қатысушыны, әр ансамбльді шынайы көңілмен қарастырады. Бұл кезде керемет айтыстар басталады, әр ұпай ескеріліп, тіпті қатысушының дауысы, оның сахнадағы мәнері, таңдаған репертуары – бәрі ескеріледі. Жиырма жыл ішінде қазылар алқасының шығарған үкіміне шағым айтып, оның әділдігіне күмән қойған бір де бір қатысушы немесе ұстаз болған емес – міне бұл қазылар алқасының беделінің деңгейі өте жоғары екендігін және олардың абыройын көрсетеді.

about

 Әрине, конкурс тек қана балаларға арналған ойын сауық емес, ол жетекшілер мен ұстаздар үшін тәжірибе алмасу мектебі, олар өз білімдерін ортаға салып, жаңалықтарымен бөліседі. Жетекшілер мен ұстаздар осы тұста ұйымдастырушыларға рахмет айтып, әріптестерімен араласу, тәжірибе бөлісу мүмкіндігі үшін, шәкірттерін еліміздің ауыз толтырып атайтын жұлдыздар сараптағандығы үшін, олардан ақыл кеңес алу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдіреді.

about

Сахна артында орын алатын атмосфера шындығында өте ерекше болып келеді. Қатысушылар, өз өнерін көрсетіп, бағасын алып болғаннан соң, басқа қатысушылар үшін шын көңілмен жанкүйер болып, оларды бәсекелес ретінде қарастырмай, сәттілігіне қуанып, ал егер сәтсіз орындап жатса, бірге күйзеледі.

Өнер көрсету немесе жаттығулардан бос уақытында балалар қалжырағанша парк ойын сауығында әбден ойнайды. Конкурс қатысушыларының әр қайсысы туралы көп әңгіме айтуға болады, себебі олардың әр қайсысы, өздерінің жасына қарамастан, жарқын да қызықты тұлға болып келеді. Қатысушылардың барлығының болашағы зор екеніне еш күмәнім жоқ – олардың көбісі, әлі талай рет еліміздің атағын шығарады. Олардың өнерінің өсуіне ата аналары, жетекшілері, ұстаздары, жас дарындарға беймарал қарамайтын демеушілері өз күш жігерлерін салып, салмақты қаражат та жұмсап жатыр.  Физикалық, рухани, әрі моральді сау жас ұрпақ – ол тек біздің жалғасымыз немесе ата аналарының жалғасы ғана емес, ол біздің Қазақстанымыздың болашығы.

Біз Алматы қаласы әкімшілігіне үлкен алғысымызды білдіреміз. Олар бар мүмкіншілігін қолданып, осы конкурстың сәтті өтуі және балалардың жайлылығы үшін қолдарынан келгенін аямастан жасап жатыр. Қалалық әкімшілік қаражат көмегінен былай тұрғанда, олардың моральді көмегін әрқашан сезінеміз. Қалалық мәдениет департаменті бізбен жаңа идеяларымен бөлісіп, конкурсты ұмытылмас әрі жарқын оқиға ету үшін әрдайым ат салысуда.  

Біздің тұрақты демеушілерімізге үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Оларға осы жасап жатқан жақсылықтарыңыз алдарыңыздан бірнеше есе болып шықсын дейміз. От бастарыңыз, балаларыңыз әрқашанда аман болып, үйлеріңізде тек жақсылық пен бақыт орнасын. 

Фестивальдің бір де бір қатысушысы ескерусіз қалмайды, олардың барлығы ұйымдастырушы комитеттен, Алматы қаласы әкімшілігінен, демеуші ұйымдардан, мәдениет мекемелерінен және т.б. дипломдар мен сыйлықтар алады.

         Бізге және қатысушыларға 20 жылдан бері үздіксіз қаражаттай және моральді көмек көрсетіп жатқан демеушілер мен үкімет орындарына алғыс хаттарымызды қуана жібереміз. Ақпарат ұйымдарына жеке алғысымызды айтамыз. Олар біздің фестивальге қызығушылық танытып, оның дайындық және өткізілу күндері туралы ақпаратты шаршамастан халық назарына жеткізуде.

Осы күндері ұйқы мен дем алуды ұмытып, барын салып, ат салысып жатқан біздің ұйымшыл әрі ақ көңіл ұйымдастыру комитеті және адал еріктілер тобы сіздер үшін еңбек етіп жатыр.

Осы еңбегіміздің ақысы ретінде біз еш нәрсемен салыстыруға болмайтын балалар мейрамы атмосферасына бөленеміз. Жаңа жұлдыздар ашып, балалар шығармашылығының әсіре жанкүйерлерімен танысып, олармен достасамыз.

Осы мүмкіндікті қолданып, конкурсқа келген әр қатысушыға біздің еліміздің өнеріне қосып жатқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге кез келген бастамаларыңызға шығармашылық табыс, істеріңізге сәттілік тілеймін! Өркендеріңіз өсе берсін! Біздің конкурс сіздер үшін жаңа өнер табыстарының бастамасы болсын!

"Бозторғай" халық аралық балалар шығармашылығы конкурсының директоры Қ.Әбдікәрімова

Ардақты да аяулы жас дарындар!

about

«Бозторғай» Халықаралық балалар шығармашылығы байқауына қош келдіңіздер!

Балалар шығармашылығын дамыту, дарынды жастар мен бүлдіршіндерді анықтап, оларға өз өнерлік потенциалдарын іске асыруда қолдау көрсету – өте маңызды әрі игі мақсат. «Бозторғай» Халықаралық балалар шығармашылығы байқауы осы мақсатты алдына қойып, 20 жылдан бері, болдырмастан, оны іске асырып келеді. Әр жыл сайын жаңа жұлдыз жанып, оның өнер жолындағы ұзақ сапарына бастама беріледі.

Өнер жолына түсіп, өз елдеріңнің мәдениет туын биік көтеріп, өнерлерін ортаға салуға бел буған жас өнерпаздарға тек сәттілік тілеймін! Жалпы өнер адамдарына сын көп қой. Сол сыннан сынбай өтіп, алдарыңа қойған мақсаттарыңа сүрінбей жете беріңдер!

Ізгі ниетпеп, Роза Рымбаева

Сүйікті де сүйкімді жас дарындар!

Биыл біз сіздерді Халықаралық «Бозторғай» байқауының 20 жылдық торқалы маусымына асыға күтеміз!

Әрине, 20 жыл өте ұзақ ғұмыр болып көрінбеуі мүмкін, дегенмен біздің жас еліміз үшін бұл ескерерлік уақыт. Осы уақыт ішінде біз ауыз толтырып айтарлық жұлдыздар санын аштық. Сіздердің өнер жолындағы шабытты еңбектеріңіздің куәгері болу біз үшін нағыз ғанибет. Сіздердің әр басқан қадамдарыңыз үшін, әр жеткен жетістіктеріңіз үшін біз шын жүректен қуаныштымыз.

Тұрақты төре айым болу өте сыйлы болғанмен, онымен қоса өте жауапты міндет. Дегенмен, бұл жауапкершілік маған шынайы ризашылық береді: балалар шығармашылығы өзінің пәк таза сезімдерімен, эмоциясының ыстық шоғымен біздің жүрегімізге өшпес із қалдырады – ол сезім кейде қуанышқа бөлесе, кейде тіпті күйзеліске де салады. 

about

Сіздердің өміріңіз нағыз шығармашылыққа бай болсын. Ал біздің байқауымыз сіздер үшін Тамаша болашақ әлеміне жеткізетін сөре алаңы болсын. Біз, төре алқасы мүшелері, нағыз талантты танып білуге тырысамыз. Жас конкурсанттарға батылдылық тілеймін!   

Шынайы тілекпен, Бибигуль Тулегенова

Құрметті жас достар!

about

Тау баурайындағы Алматы қаласында өтілетін,  бәріміздің жүрегімізде орын алып үлгерген, «Бозторғай» Халықаралық балалар өнер байқауының 20 жылдық торқалы маусымына қош келдіңіздер!

Еліміздің балаларға арналған ең жарқын әрі шат-шадыман байқауы – «Бозторғай» сіздердің өнер жолындағы сапарыңыздың табысты бастамасы болсын! Біздің күн-шуақты қаламыз Алматы әрқашан игі сезімді тілектес адамдар қаласы ретінде сіздердің жадыларыңызда мәңгі қалсын.

«Бозторғай» Халықаралық балалар шығармашылық байқауына ұзақ та табысты ғұмыр тілеймін! Биыл біз оның торқалы тойына куәгер болып отырмыз. Осы 20 жыл ішінде бұл байқау елімізге көптеген жұлдыздар санын ашты.

 

Қатысушыларға тек сәттілік тілеймін. Өнерлеріңіз өсіп, биік жетістіктерге жетіп, тек табыс шыңынан көріне беріңіздер. Талаптарыңыз табысты, еңбектеріңіз өрісті болсын!

Сүйіспеншілікпен, Болат Аюханов

Сүйкімді бүлдіршіндер!

Сіздерге, жүрегіміздің төрінен орын алып үлгерген,  бәрімізге зор үміт сыйлайтын, халықаралық аренада өзінің сыйлы орнын алатын, беделді де абыройлы байқау – «Бозторғай» Халықаралық балалар шығармашылығы байқауына қош келдіңіздер демекпін!

Бұл байқауға қатысу мүмкіндігін алып отырғандықтарыңыздың өзі үлкен жетістік! Бозторғай байқауы және осы тәрізді жарыстар сіздер үшін үлкен мүмкіндіктер есігін ашады.

Қатысушыларға тілейтінім: осы мүмкіндікті қолданып, өздеріңіздің таланттарыңызды толығымен ашып, бәрімізге керемет мейрам сыйлаңыздар! Тек сәттілік және табыс тілеймін! Шабыттарыңыз артыла берсін, жаңа жеңіс белестерінен көріне беріңіздер, таланттарыңызды бағалай білетін лайықты көрермендер тілеймін, ал «Бозторғай» байқауына ұзақ ғұмыр тілеймін!

about

Шын ниетпен, Кеңес Дүйсекеев

Біздің жұлдыздарымыз

Біз олардың аты-жөндерін білеміз, олардың қойылымдарын тамашалаймыз, олардың хиттарын айтамыз, халықаралық жарыстарда жеңістеріне қуанамыз. Және олардың бүгінгі табыстары «Бозторғай» Балалар шығармашылығының Халықаралық байқауымен басталды!

А-Лау

Абылхаир Абдрашев

Алишер Каримов

Алмас Алтынбеков

Ерден Жаксыбеков

Жанар Дугалова

Кайрат Тунтеков

Сардор Милано

Тахауи Рахметов

«Бозторғай» байқауының шығармашылық тобы

Асель

Директордың орынбасары

Мира

Редактор

Эльвира

Менеджер

Сагат

Бухгалтер

Кристина

Оформитель

Жанибек

Администратор

Шырын

Жюри хатшысы

Асет

Администратор

Айна

Офис менеджері

Дулат

Координатор

Данияр

Администратор

Бейбит

Звукорежиссер

Меруерт

Фотокорреспондент

Зохид

Оператор

Матвей

Видеоинженер

Марина

Дизайнер

Дария

Ведущий

Елдос

Ведущий

Айдана

Ведущий