phone-number+7 (701) 711 8280

«БОЗТОРҒАЙ»

халықаралық балалар конкурсының ережесі

Конкурсты өткізудің басты мақсаты – балалар  мен  жастар музыкалық шығармашылығын  насихаттау,  жаңа  заманауи  туындыларды  жасауды жандандыру, көркемдік  және шебер кәсібилікке тәрбиелеу, вокалдық,  халықтық,  хореографиялық жанрлардың  дәстүрлерін  жандандыру, жас  таланттарды  тауып, қолдау көрсету, музыкалық мәдениет пен өнерді дамыту,  Әртүрлі  елдер  мәдениеттерінің өзара әрекеті мен диалогын жандандыру.

«Бозторғай» балалар шығармашылығы халықаралық конкурсының ұйымдастырушы комитеті  конкурсқа қатысуға жас әншілерді, бишілерді, сырнайшыларды және сән  театрларын шақырады.


Конкурс ұйымдастырушылары:

  • Алматы қаласының әкімдігі
  • «Бозторғай» Қоғамдық Қоры

  • Алматы қаласы, Гоголь көшесі №1
  • Алматы қаласының Мәдениет және демалыс орталық саябағы

Конкурс төмендегі жанрлар бойынша өткізіледі:

  • 1. Вокал
  • 2. Хореография
  • 3. Халықтық орындау
  • 4. Аспапта ойнау
  • 5. Сән театры

Жас категориялары:

  • 1. Кіші топ 10 жасқа дейін
  • 2. Орта топ 11 – 13 жасқа дейін
  • 3. Үлкен топ 14 – 18 жасқа дейін

Қатысушылардың жасы конкурс өткізіліп жатқан уақытпен есептеледі.


Өткізілу уақыты:

  • 28 мамыр – қатысушылардың келуі, жаттығулар
  • 28 мамыр – сағат 18.00 жеребе салу Орталық саябақтың жазғы сахнасында
  • 29 – 31 мамыр – конкурс күндері
  • 1 маусым – жеңімпаздардың марапаттау рәсімі және Гала концерт.
  • 2 маусым – қатысушылардың қайту күні.

Жүлде орындарды анықтау:

  • Гран-при – 10 (әр түрлі жас категориялары бойынша)
  • 1-3 орындар – лауреат дипломы
  • 4-6 орындар – дипломант атағы
  • Қатысушы дипломы барлық қатысушыларға беріледі.

«Вокал» жанры

  • • Вокал жанрына соло, дуэт, трио және вокалды топтар қатыса алады..
  • • Қатысушы конкурсқа 2 (екі) конкурстық шығарма дайындайды.
  • • Әрбір шығарма 4 минуттан аспауы тиіс.
  • • Қатысушылар репертуарында кез-келген оркестр, аспапты ансамбль немесе өз сүйемелдеуінде, кез-келген тілде, вокалды-аспаптық, вокалды-хореографиялық композициялар бола алады.
  • • Аранжировка кәсіпкер студияда кәсіпкер сырнайшылармен жасалуы тиіс. Аспапты фонограмма (-1) CD дискіде немесе флешкада сапалы түрде, шуды төмендететін «Dolby-S» жүйесінде жазылуы тиіс.
  • • Конкурста плюстік фонограммамен немесе қатысушының өзінің дауысы жазылмаған бэк-вокалмен ән айтуға тыйым салынады.

«Вокал» номинациясының Кіші топ Гран-при иегері (тек Қазақстан азаматтары) автоматты түрде Беларус мемлекетінде өтетін «СЛАВЯНСКИЙ БАЗАР В ВИТЕБСКЕ» халықаралық өнер фестиваліне жолдама алады. Қазақстан Республикасының атынан келесы жылы өнер көрсетеді.


«Хореография» жанры

  • • «Хореография» жанрына тек қана ансамбльдер қатыса алады.
  • • Топтар конкурсқа 2 (екі) конкурстық шығарма дайындайды.
  • • Әрбір шығарма 5 минуттан аспауы тиіс.
  • • Хореография номинациясының Кіші тобы өз еріктеріндегі 2 (екі) конкурстық шығарма дайындайды.
  • • Қазақстандықтар үшін «Хореография» номинациясының Орта тобы және Үлкен топ қатысушылары үшін міндетті түрде бір би «Қазақ биі» болуы тиіс.
  • • Шетел немесе басқа ұлт өкілдері «Хореография» номинациясының барлық жас ерекшеліктері өздірінің ұлттық бір биін ұсынады.
  • • Топтардың конкурсқа дайындаған шығармалары және костюмдары балалардың жас ерекшелігіне сәйкес келуі тиіс.
  • • Шығарма CD- дискіде немесе флешкада болуы тиіс.

«Халықтық орындау» жанры

  • • «Халықтық орындау» жанрына соло, дуэт және триолар қатыса алады.
  • • «Халықтық орындау» жанры бойынша аспаптың сүйемелдеуімен 2 (екі) конкурстық шығарма дайындалады.
  • • Қатысушы дәстүрлі ән, халық әні, жырау немесе терме орындайды.

«Ұлттық аспапта ойнау» жанры

  • • «Аспапта ойнау» жанрына соло, дуэт, трио және фольклорлық ансамбльдер қатыса алады.
  • • Қатысушы конкурсқа 2 (екі) конкурстық шығарма дайындайды.
  • • Қазақ ұлттық аспаптарға домбыра, қобыз, қыл қобыз, прима қобыз, шертер, саз сырнай, баян, аккардеон, жетыген т.б.
  • • Шетел немесе басқа ұлт өкілдері өздерінің халық аспаптарында өнер көрсетеді.
  • • Ұйымдастыру комитеті фортепиано немесе басқа стационарлық музыкалық аспаптармен қамтамасыз етпейді.

«Сән театры» жанры

  • • «Сән театры» жанры жас ерекшелігіне бөлінбейды. Театрлар 5 жастан 18 жасқа дейін аралас топтар болып өнерлерін көрсетеді.
  • • «Сән театры» жанрындағы топтар конкурсқа еркін тақырыпта 2 (екі) конкурстық шығарма дайындайды.
  • • Әрбір шығарма 5 минуттан аспауы тиіс.

Лауреат атағына иеленген қатысушылар (барлық номинациялар) Астана қаласында өтетін «Шаттық» Халықаралық Жас таланттар фестиваліне шақырылады.


Конкурсқа қатысу жарнасы:

Қатысу жарнасын мамыр айының 26 күнгі қойылған курсы бойынша теңге немесе доллар валютасымен төлеуге болады.

  • • солистер (вокал, халықтық орындау және аспапта ойнау) – $50
  • • вокалды топтар – $80
  • • аспапты ансамбльдер – $100
  • • хореографиялық ансамбілдер – $150

Конкурсқа келген балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік толығымен топ жетекшілері немесе ата анасы мойнында.


Конкурсқа шақырылған конкурсанттар екі жақ жол ақысын, тұру ақысын, тамақтану ақысын өздері төлейді.


Қонақ үй, дәрежесіне байланысты, 2 түрге бөлінеді: қонақ үй және хостел.

Шамамен, бір тәулікке, бір адам үшін $15-30 аралығында ақы төленеді.

Нақты қонақ үй ақысы сәуір айының 20-да белгілі болады.

Бұл сомаға 3-рет тамақтану және конкурс болатын жерге автобуспен жеткізу қызметімен қамтамасыз ету кіреді.

Трансфер (аэропорт – қонақ үй – аэропорт, вокзал – қонақ үй – вокзал) ұйымдастырушылар мойнында.


Қонақ үйге тапсырыс және өтініштер мамыр айының 15 дейін қабылданады!

Өтініш пен аудио-видеоматериалдар мына мекен-жай бойынша қабылданады:

0500002, Алматы қ-сы, Бұзырбаев к-сі, 19, офис 2.

тел. +7 (727) 3822555

факс. +7 (727) 3822744

ұялы тел. +7 701 711 82 80, +7 777 381 18 81, +7 777 303 07 03

E-mail:karla_ab@rambler.ru, karla120750@gmail.com